Талғарда велоспорттан ҚР Үшінші ашық чемпионаты өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талғарда велоспорттан ҚР Үшінші ашық чемпионаты өтті

Талғарда велоспорттан ҚР Үшінші ашық чемпионаты өтті

Жарыс 25 -27 тамыз аралығында өтіп, 3 сынақтан тұрды: жеке дара бәйге, топтық жарыс және критериум-жарыс.

  • 28 Тамыз 2017
  • 436
Фото - Caravan.kz

Дарменияр ҚЫДЫРБЕК-ҰЛЫ, Талғар ауданы әкімінің орынбасары:

— Бізде жыл сайын веложарыстан чемпионаттар өткізіледі. Осы жылы бізде жаңа асфальт жолы төселді. Велошабандоздар үшін ол өте ыңғайлы. Жалпы Талғар ауданы веложарысты ұйымдастыру деңгейімен мақтана алады.

Раиымбек БАТАЛОВ, Қазақстан велоспорт федерациясының бірінші вице-президенті:

— Еліміздегі алғаш велоспорт жарыстары Талғарда ұйымдастырылған. Біз осы жерде болашақта халықаралық додаларды өткіземіз деген ойдамыз. Бізге келесі жылға спорт ардагерлері арасында Азия чемпионатын өткізу туралы ұсыныс түсті. Біз өз кезегімізде, осы жарыстың жемісті өтетініне сенімдіміз. Өйткені, Талғарда бастауын алған жарыстар әрқашанда жоғары деңгейде өтіледі.

Биыл чемпионатта Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Ресей және Германиядан 100-ге жуық адам қатысты деп Caravan.kz медиапорталының корреспонденті ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 19 бен 65 жас аралығындағы топ қатысушылары арасында 14 медаль ойнатылды.

Жарыс ережесіне сәйкес, қатысушылар арасында спортшылар, құрама команда және кәсіби велоклуб мүшелері болған жоқ.

Геннадий ПЯТАК, Германиядан келген қатысушы: 

— Велоспорт мен үшін жай ғана хобби емес, бүкіл өмір десем артық болмас. Мен өзім Павлодар қаласынан боламын, сол жаққа қонаққа келгенмін. Ал бүгін әдейілеп осы жарысқа келдім. Талғарда мен соңғы рет 30 жыл бұрын болғанмын. Сол кездің өзінде осы жерде жарыстар өткізілетін. Маған қаланың осы уақыт ішінде қалай өзгергені таң қалдырды.


Екатерина СТЕПАНОВА, қатысушы (Қазақстан):

— Әр жарыс – тәжірибе. Ал бұл жерде бізді бірден 3 сынақ күтіп тұрды, яғни үш мәрте тәжірибе жинақтауға мүмкіндік болды. Мен өзімді жеке дара бәйгеде жақсы сезінемін. Себебі, тек өзіңе ғана сенген жағдайда ғана жемісті нәтижелер өзің көп күттірмейді. Ал топтық және критериум – бұл мен үшін әлі зерттелмеген орман. Алайда, мен үшін бұл — жаңа белес.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары – Алматы облысы велоспорт федерациясы, Қазақстан Республикасы спорт және мәдениет министрлігі спорт және дене шынықтыру Комитетінің «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві Дирекциясы» РМҚК, Қазақстан велоспорт федерациясы, Алматы облысы спорт және дене шынықтыру басқармасы. Жарыстың бас серіктестері – “Raimbek” компаниясы, Велоспорт қолдау фонды және АҚ «Самрұқ-Қазына».

Соңғы жаңалықтар