Талғат Мұсабаев: "Протонның" құлауы Байқоңыр тұрғындарының денсаулығына аса қатты әсер еткен жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талғат Мұсабаев: "Протонның" құлауы Байқоңыр тұрғындарының денсаулығына аса қатты әсер еткен жоқ

"Протонның" құлауы Байқоңыр тұрғындарының денсаулығына аса қатты әсер еткен жоқ, деп мәлімдеді журналистерге МАКС-2013 әуе салонында Қазғарыш жетекшісі Талғат Мұсабаев.
           "Зымыран құлаған орын детоксикацияланды және оқшауландырылды. Зымыранның басқа жерге емес, ғарышжай аумағына құлағаны жөн болды, сол себепті оның салдары азырақ болды", деді Қазақстан ғарыш агенттігінің жетекшісі.
           2-шілде күні Байқоңыр ғарышжайынан ұшырылған "Протон-М" орбитаға үш навигациялық "Глонасс-М" серігін алып шығуға тиіс болатын. Зымыранды құрастыру кезінде жылдамдық тетіктерінің дұрыс орнатылмауы апаттың орын алуына себеп болған.
           23 тамыз РФ үкіметінің вице-премьері Дмитрий Рогозиннің хабарлауынша, "Протон-М" ұшыруды дайындауда өз міндеттерін дұрыс атқармағандығы үшін Хруничев атындағы ғарыш агенттігі директорының сапа жөніндегі орынбасары Александр Кобзарь, түпкілікті құрастыру цехының бастығы Валерий Греков, техникалық бақылау бөлімінің бастығы Михаил Лебедев жұмыстарынан босатылған.

  • 28 Тамыз 2013
  • 737
Фото - Caravan.kz