Талшық ауылында аурухана ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талшық ауылында аурухана ашылды

Талшық ауылында аурухана ашылды

Астана. 27-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Талшық ауылында кеше облыс әкімі Серік Біләловтың қатысуымен ауданның орталық ауруханасы ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 27 Желтоқсан 2007
  • 470
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімінің айтуынша, аурухана құрылысына республикалық бюджеттен 1,1 млрд теңге мақсатты трансферт аударылған.

«Кешен құрамына 20 орындық балалар бөлімі, 15 орындық әйелдер босанатын бөлім, 30 орындық хирургиялық бөлім, операциялық блок, реанимациялық зал, гинекологиялық бөлім, балалар мен үлкен кісілерге арналған 2 амбулаториялық бөлім, рентген бөлмесі, сондай-ақ, жедел жәрдем қызметі кіреді», — деп хабарлады Серік Біләлов.

Заманауи 106 құрал-жабдық арнайы аудандық аурухана үшін сатып алынған. Сонымен қатар, кеше облыс әкімі аурухана игілігіне 5 жаңа автокөлікті табыс етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті