Тараз кардиохирургиялық орталығында жүрек ақауымен туған 1000-нан астам нәрестеге ота жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараз кардиохирургиялық орталығында жүрек ақауымен туған 1000-нан астам нәрестеге ота жасалды

Тараз кардиохирургиялық орталығында жүрек ақауымен туған 1000-нан астам нәрестеге ота жасалды

Таразда Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында емделушілердің 60 пайыздан астамы   туа бітті жүрек  ақауымен туған балалар болып отыр.

  • 23 Қазан 2014
  • 751
Фото - Caravan.kz

Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Икром Мұхамедовтің айтуынша, клиника ашылғаннан бері, яғни 2008-2013 жылдар аралығында жүрек ақауымен туған мыңнан астам нәресте анықталып, ота жасалған.

«Соңғы жылдары құрсақтағы баланың жүрек ақауын анықтау жиілігі орталықтың белсенді жұмысының арқасында едәуір ұлғайды. Өңіраралық мамандандырылған орталықта балаларға кардиохирургиялық көмек көрсету үшін жоғары технологиялық жабдықтар қолданылады», — деп атап өтті ол.

М. Мұхамедовтің айтуынша,  клиника жұмыс істей бастаған кезеңнен бері миллионнан астам, тек өткен жылдың өзінде -3 544, ағымдағы жыл басынан 1 511 тегін консультация  берілген. «Бұл, әсіресе жүрек ақауын анықтаған кезде маңызды. Тек кардиохирург қана ота жасау қажеттілігі туралы соңғы шешім шығара алады. Белгілі бір диагноздармен шағымданған талай науқастарға шұғыл ем-дом көрсетілді», дейді ол.

Сондай-ақ, кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Жамбыл облысында жылына 25 мың нәресте дүниеге келсе, оның ішінде жыл сайын  жүрек ақауымен туылған балалар 250-ден 400-ге дейін жететіндігін атап өтті. «Нәрестенің дамуын бұзатын 300-ден астам себеп болса, оның тек 5 пайызы ғана генетикалық факторларға байланысты. Сондықтан әйелдер жүктілік кезеңінде тексерілгені аса маңызды».