Тараз түбіндегі жарылыс: қаза болғандар саны 9 адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараз түбіндегі жарылыс: қаза болғандар саны 9 адамға жетті

Тараз түбіндегі жарылыс: қаза болғандар саны 9 адамға жетті

Қаза тапқандардың арасында ТЖ министрлігі, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар

  • 27 Тамыз 2021
  • 82
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлімнің қоймасындағы болған жарылыстан тоғыз адам көз жұмды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл туралы Caravan.kz порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.  

"13:00-дегі жағдай бойынша Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан барлығы 9 адам көз жұмды, оның ішінде ТЖ министрлігі, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар", — делінген хабарламада.

Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 2 адам туралы деректер анықталуда.

Алдын ала ақпарат бойынша ауруханаға ТЖ департаменттерінің 49 қызметкері түскен.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар министрі бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеп жатыр.

  • Төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылды:

  • ТЖМ – 153 қызметкер, 46 бірлік техника,
  • ДП – 400 қызметкер, 54 бірлік техника,
  • №28349 ә/б – 8 қызметкер, 2 бірлік техника,
  • №5513 ә/б – 273 әскери қызметші, 12 бірлік техника,
  • Ұлттық Ұлан – 520 адам және 250 адам резервте.

Халыққа ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін қауырт желі ашылды: 33-32-89, 53-32-79, 8 (7262) 51-41-67, 51-37-75, +77788109109.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыстардан бес адамның қаза тапқаны хабарланды.

Олар: сержант Марат Мешінбай, ефрейтор Руслан Жанболатов, әскерилендірілген күзет қызметшісі азамат Оразбек Далибаев, Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры, әділет полковнигі Арман Қапезов, өрт сөндіру командасының бастығы, келісімшарт қызметінің старшинасы Еркін Нәдірбеков.

 

Соңғы жаңалықтар