Жарияланды: 370

Тараз тұрғыны кәмелеттік жасқа жетпегендерді зорлады деген күдікпен ұсталды

Тараз. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Тараздың 19 жастағы тұрғыны кәмелеттік жасқа жетпегендерді зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Үш айдың ішінде ол 10 жасқа дейінгі төрт қызды зорлаған, оның ең соңғы құрбаны тіпті 4 жасқа да жетпеген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. "Ол кез-келген ықшамауданға жететін болған. Құрбанын көріп, ізіне түсіп, алдау арқылы адамдар жоқ ауданға алып кетіп отырған", - деді тергеуші Бауыржан Оспанқұлов. Тәртіп сақшыларының айтуынша, құрбандарын ықшамаудан аулаларынан іздеген. Ол балаларды зорлап қана қоймай, тонаушылық жасап, ақшалары мен алтын бұйымдарын алып отырған. Айуан үш ай бойы іздестіріліп, жуырда ғана қолға түсті. 19 жастағы күдікті айыбын мойындаған. Егер медициналық тексеру қорытындысы оның дені сау екенін көрсетсе, ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін