Тараз университетінде студенттерге есірткі сатқан - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараз университетінде студенттерге есірткі сатқан

Тараз университетінде студенттерге есірткі сатқан

Тараз. 5 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Тараз университетінде студенттерге есірткі сатқан. Бұл туралы агенттік тілшісіне Жамбыл облыстық ҰҚКД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Наурыз 2008
  • 413
Фото - Caravan.kz

Департаменттегілердің хабарлауынша, оларға ТарМУ-де есірткі сатады деген ақпарат келген. Жедел шаралардың нәтижесінде үш ер адам университет ғимаратының жертөлесінде 216 грамм марихуана сатып жатқан кезде құрықталды. Олардың екеуі әкімшілік-шаруашылық бөлімнің қызметкері болса, үшіншісі — осы оқу ордасының бұрынғы күзетшісі. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Жалпы алғанда жыл басынан бергі екі айда Жамбыл облыстық есірткі саудасымен күрес комитетінің қызметкерлері заңсыз есірткі айналымына қатысы бар деген күдікпен жеті адамды, соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың екі белсенді мүшесін қолға түсірді. Төрт килограмнан астам героин мен 200 грамнан астам марихуана тәркіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті