Таразда есірткі сатқан полиция қызметкері құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда есірткі сатқан полиция қызметкері құрықталды

Таразда есірткі сатқан полиция қызметкері құрықталды

Тараз. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Таразда есірткі сатқан полиция қызметкері құрықталды. Бұл туралы брифингте Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің бастығы Мейірхан Жаманбаев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қаңтар 2008
  • 427
Фото - Caravan.kz

М. Жаманбаевтың сөздеріне қарағанда, есірткі сатқан деген күдікпен Байзақ АІІБ криминалдық полициясының шұғыл уәкіл капитаны ұсталды. Оны тексеру кезінде одан 3 грамм героин мен химиялық ұнтақпен өңделген 7,5 мың теңге табылды.

Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің бастығы хабарлағанындай, күдіктіге қатысты ҚР ҚК 259 бабының 4 тарауы(есіркіні заңсыз түрде жеткізіп, ірі көлемде сату) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мұндай айып тағылатын болса, адам 15 жылға бас бостандығынан айрылып, мүлкі тәркіленеді.

М. Жаманбаев атап өткеніндей, полиция өз қатарларын тазалау үшін, қағидалы түрде күрес жүргізуде. «Құқық қорғау органдары қызметінің ашық және айқын болу арқасында ғана сыбайлас-жемқорлықтың тамырына балта шабылып, қылмыстарға қарыс күресті күшейтіп, лауызым иелерінің қызметін асыра пайдалану сияқты заң бұзушылықтарын азайта аламыз», — деп қорытындылады генерал-майор.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті