Таразда ғимараттан секірмек болған бойжеткен құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда ғимараттан секірмек болған бойжеткен құтқарылды

Таразда ғимараттан секірмек болған бойжеткен құтқарылды

Таразда құрылысы толық аяқталмаған ғимараттан секірмек болған бойжеткен құтқарылды.

  • 16 Сәуiр 2019
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның дерегінше, 2019 жылғы 15 сәуірде, сағат 17.00 шамасында Жамбыл облыстық полиция департаментінің жедел кезекшісіне «Бокс сарайы» спорт кешенінің жанында, Королева көшесі бойындағы құрылысы аяқталмаған ғимараттан белгісіз бойжеткеннің секірмек болғаны туралы хабарлама түскен. Қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес оқиға орнына Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінен 19 қызметкер және 5 техника жіберілген. «Оқиға орнында жеке құрам құтқару қалқасын орнатты. №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт-сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Азамат Көпбосынов 5 қабатты биіктікке өрт сөндіру автосатысымен көтерілді. Ол өз өмірімен тәуекел етіп, суицидтің алдын алып, бойжеткеннің өмірін құтқарып қалды», — деді ол.



 

Соңғы жаңалықтар