Сандуғаш Тұяқбаеваны шаһардың орталық көшесіндегі тратуар үстінде велосипедші қағып кеткен болатын. Қатты соққы алған 3 балалы әйел ауруханада көз жұмды. Полицейлердің айтуынша, велосипедтегі бойжеткен келіншектің қаза болғанын естімепті. Тіпті оқиға орнынан да қашпадым деп ақталған. Абыр-сабырда оған ешкім мән бермегесін өз жөнімен кетсе керек. Ал, кешегі жаңалықта оны іздеп жатыр дегесін бүгін өз еркімен келген. Студентке қатысты абайсызда кісі өлімі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.