Таразда миллиондап теңге басқан астыртын цех әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда миллиондап теңге басқан  астыртын цех әшкереленді

Таразда миллиондап теңге басқан астыртын цех әшкереленді

Таразда жалған ақша жасағандар қолға түсті. Олар теңге басатын екі бірдей цех ашқан. Сол жерде 200-ден бастап, 10 мың теңгеге дейін қағаз купюраның барлық түрін жасапты.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 204
Фото - Caravan.kz


Ақша жасаудың шеберлері құзырлы орын өкілдері пәтерге басып кіреді деп ойламаса керек, құрал жабдықтары мен жалған теңгелерін жасырып үлгермеген. Әзірге, нақты қанша соманың айналымға түсіп кеткені белгісіз. Өйткені бұл кәсіппен олар ұзақ жылдан бері айналысып келген. Кәдімгі түрлі-түсті принтермен жасалса да, теңгені түпнұсқасынан айыру қиын. Мамандар алаяқтар ақша жасауда сирек кездесетін, сапасы жоғары қағазды қолданған деп отыр.