Таразда селфи жасамақ болған «Тарзан баланы» полиция іздеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда селфи жасамақ болған «Тарзан баланы» полиция іздеп жатыр

Таразда селфи жасамақ болған «Тарзан баланы» полиция іздеп жатыр

Таразда «Тарзан» іздестірілуде. Шаһардағы ең биік арканың үстінде өрмелеп жүрген жеткіншектің бейнежазбасы әлеуметтік желіні дүр сілкінтті. Жағасын ұстаған интернет қолданушылары, оны «өрмекші адам» мен «Тарзанға» теңеуде.

  • 6 Маусым 2015
  • 440
Фото - Caravan.kz

Бұл көрініс «Тәуке хан» мен «Бауыржан Момышұлы» көшелері қиылысында түсірілген. Биіктігі 5 метрге жуық темір бағана үстінде жеткіншектің не істеп жүргені түсініксіз. Құлап кетсе, жазым болары айдан анық. Бейнежазба авторы: баланың селфи жасауы мүмкін немесе өзіне қол салмақ болған деп топшылайды. Жүрек жұтқан жеткіншектің одан арғы тағдыры белгісіз. Қазір оны тәртіп сақшылары іздеп жатыр.