Жәмилә Ұзақова, Тараз қаласының тұрғыны:
-Ештеңе істеген жоқ. Істеді ме, істемеді ме кранды жапты да кетіп қалды, болды. Ал, кеше жасаған жерлері бүгін қайтадансынып жатыр. Таңғы 7:30- дан су ағып жатыр. Қазір тағы жаптық. Міне ауыз сусыз қалдық
Екі жылдан бері құбырдың неше мәрте жарылғаны тұрғындардың есінде жоқ. Қайта-қайта тесіле беретін су жүйесі оларды ауыз сусыз отыруға мәжбүр еткен. Ақаудан атқылаған тіршілік көзі ауланы басып қалады екен. Белуардан саз кешіп жүргендер жауаптылардың салғырттығына наразы. Ал, «Тараз су» мекемесі басшылығының уәжі басқа. Сөздеріне сенсек, 12 емес, бар болғаны бір айда үш рет ақау кеткен. Оның өзіне жүк көлігінің жер асты құбырын сындырып өтуі себеп болса керек. Қазір жыртықты жамап тастадық дейді. Ал шу шығарған бұқара шенділердің бұл жолғы қалпына келтіру жұмысына да күмәнмен қарайды.