Таразда тоғыз жасар қызды зорлаған болуы мүмкін күдіктіні қыздың әкесі өлтіріп тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда тоғыз жасар қызды зорлаған болуы мүмкін күдіктіні қыздың әкесі өлтіріп тастады

Таразда тоғыз жасар қызды зорлаған болуы мүмкін күдіктіні қыздың әкесі өлтіріп тастады

Тараз. 25 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Таразда тоғыз жасар қызды зорлаған болуы мүмкін күдіктіні қыздың әкесі өзі тұтқындап, оны өлтіріп тастады. Бұл туралы агенттікке Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 25 Наурыз 2008
  • 1162
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қылмыс 22 наурызда Жамбыл облысы Қордай ауданының орталығы — Қордай ауылында болған. Тоғыз жасар екі қыз аулада ойнап жүрген. Оларға бір қыздың ата-анасына құрылыс жұмыстарына жалданып, сол үйде тұрып жатқан жұмысшы барған. Еркек қыздарға бәйшешек теруге барып қайтуды ұсынған. Сөйтіп, балаларды ауылдың шетіндегі қараусыз қалған ғимаратқа алып келген ол бір қызды зорлап, қашып кеткен. Екінші қыз зорлықшының қашып кеткеніне көз жеткізген соң ересектерді көмекке шақырған. Олар қылмыс құрбанын ауруханаға жеткізді, бала қазір әл үстінде.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, зорлықшыны іздеуші топты АІІБ-ның бастығы, полиция полковнигі Талғат Жүнісқадыров басқарған. Барлық ауданнан шыға беріс жолдар қоршауға алынып, өңірге қашқынның суреттері таратылды. Жедел іздестіру шаралары екі тәулікке созылған, ауыл тұрғындары мен жүргіншілер сұралған.

Алайда, зорлықшыны қыздың әкесі бірінші болып тапқан. Кездейсоқ куәгерлердің айтуынша, олар қылмыс жасалған күннің ертеңінде екі еркектің үшінші біреуді қуып жетіп, соққыға жығып, оны көлікке отырғызып, алып кеткенін көрген. Ер адамдар мен көліктің суреттемесіне сәйкес полицейлер оқиғаға қатысушыларды анықтады. Олар қыздың әкесі, оның жолдасы мен зорлық жасаған күдікті болып шыққан. Қыздың әкесі зорлықшыны полицияға жеткізіп беруге ниеті болғанымен, өзіне -өзі ие бола алмай, оны өлтіріп тастағанын мойындады. Зорлықшының мәйіті мен оны өлтірген құрал — пышақты тәртіп сақшылары ауылдан шығар берісте даладан тауып алды.

Ал тәртіп сақшылары осы уақытта өлім құшқан адамның аты-жөнін анықтады. Ол қарақшылық шабуылдар мен басқа да қылмыстары үшін 13 жылдан астам уақыт түрмеде отырған 40 жастағы Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Оның тұрақты тұрғылықты жері болмаған, кездейсоқ нәпақаға өмір кешкен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті