Таразда тоғызыншы сынып оқушысы асылып қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда тоғызыншы сынып оқушысы асылып қалған

Таразда тоғызыншы сынып оқушысы асылып қалған

Таразда мектеп оқушысы өзіне қол салды. Оның дарға асылған денесі үйінің маңындағы гараждан табылған.

  • 14 Қазан 2022
  • 51
Фото - Caravan.kz

Қаңғылы жағдай түнгі сағат 12 шамасында болған. 9-сынып оқушысының асылып тұрғанын алдымен анасы көріп, тәртіп сақшыларын шақыртқан. Баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Полицейлер марқұмның мәйітін тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ дейді. 14 жастағы жеткіншекті өлімге не итермелегені әзірге белгісіз. Қазір бұл іспен құзырлы орындар айналысып жатыр.

"Мәйiт Жамбыл облысы мәйітханасына жеткізілді. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 105-бабы, 3-бөлігімен (өзін-өзі өлтiру) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр",- деді Тараз қаласы ПБ ресми өкілі Әзімхан Жанерке.