Бейсекүл Абаева, Тараз қаласының тұрғыны:
-Анықтап, халықтың бәрін жинап көзімізді жеткізіп, осылай істелсе дегенде барып біз қайта келісім береміз. Әйтпесе құрылысты тоқтатсын.
Тұрғындар мердігердің арзанқол әрі ескі материалдарды қолданғанын айтуда. Тіпті жобадан ауытқып бірқатар жұмысты орындаудан да бас тартқан. Тек ғимараттың шатыры мен жертөлесін жөндеуі жұрттың ызасын туғызды. Ал, жауапты компания басшысы құрылысқа бөлінген қаржының қысқаруы дауға себеп деп отыр. Тұрғындар 36 млн.теңгені төлеуге өздері қарсы болып, оның құны 27 млн.ға төмендеген. Ал, соманың азайуынан серіктестік жөндеуден айнып, екінші компания іске кіріскен. Қазір кәсіпкер жаңа сметалық жоба әзірленіп, өзгерістер енгізіп жатса керек. Алайда, жұрттың талап-тілегі бәрібір орындалмайтын сыңайлы.
Қахан Дәуренбеков, кәсіпкер:
-Бізде 27 миллион 10 подъезд. Сондықтан халыққа түсіндіріп айтып отырмыз. Мысалы айтқандарыңыздың бәрі ішіне кіре бермейді, оған ақша жетпейді. Сондықтан біз 27 м жеткенін бәрін істеп берейік. Бізге одан артық ешкім ақша бермейді.