Полиция қатарындағы ақпарат көзі хабарлағандай, алдын ала болжам бойынша күзет қызметі байқамаған екі белгісіз тұлға фирма аумағына кіріп, жанармайды ұрлап әкетпекші болған. «Әзірге олардың цистерна ішіне қалай құлап кеткендері белгісіз. Айғайды естіген күзетші полицияны шақырып, уақыт өткізбес үшін өз туысынан ұрыларды цистернадан шығаруды өтінген. Алайда ол да бензинге құлап кеткен».
Зардап шегушілерді цистернадан Тараз құтқару отрядының қызметкерлері шығарып алды. Үшінші зардап шегуші — ұрыларды шығармақшы болған күзетшінің туысы ауыр дәрежелі уланумен қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті