Таразда жоба макарон өнімдерін шығаратын желі іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда жоба макарон өнімдерін шығаратын желі іске қосылды

"Та-Мак" ЖШС Таразда макарон өнімдерін: жайма, кеспе, лағман шығаратын жаңа технологиялық желіні іске қосты, деп бүгін облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
           Желі құны - 130 млн теңге.
           Желі кәсіпорынның арнайы тапсырысымен Италияда жасалды. Өндіріс қамыр илеуден бастап қаптауға дейін толық автоматтандырылған.
           Желі қуаттылығы тәулігіне 10 тоннаны құрайды.
           2012 жылы "Та-Мак" ЖШС «Жол картасы 2020» бағдарламасына қатысты. Ол бойынша займдар сыйлықақы мөлшерлемесінің орташа құны 10,3% құрайды, оның 7%-ы «Даму» қоры арқылы мемлекет қаржысы есебінен банкке қайтарылады.
           Осының нәтижесінде кәсіпорын аймақтық үйлестіру кеңесі мақұлдаған 375 млн теңге соманың жаңғырту жөніндегі төрт жобаны іске қосты. Оның 350,8 млн теңгесін «Альянс банк» АҚ тараздық филиалы берді.
           Займдық қаржыға өндірістік ғимараттарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа технологиялық қондырғы сатып алынды.
           Қазіргі кезде "Та-Мак" ЖШС жылына 3 мыңнан 3,5 мың тоннаға дейін өнім шығарады. Компания «Арзу», "Арзу Premium" маркасымен бешбармақ жаймасын шығара бастады. Бұл өнім Ресей, Германия, Францияға жеткізіледі.

  • 28 Тамыз 2013
  • 1009
Фото - Caravan.kz

"Та-Мак" ЖШС Таразда макарон өнімдерін: жайма, кеспе, лағман шығаратын жаңа технологиялық желіні іске қосты, деп бүгін облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

           Желі құны — 130 млн теңге.