Тараздықтар Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековты еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздықтар Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековты еске алды

Тараздықтар Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековты еске алды

Тәуелсіздік күнінде тараздықтар Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековты еске алды,

  • 16 Желтоқсан 2012
  • 402
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды 24 KZ.

Күннің суығына қарамастан, жиналған халық батыр ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысып, егемендік жолында құрбан болған Қайрат — өскелең ұрпаққа үлгі болатын тұлға. Оның ерлігі мен қайсарлығы, отансүйгіштік қасиеті ел үшін туылған азамат екендігінің айғағы.

— Тәуелсіздік мерекесін тойлау бүгін Тараз қаласы үшін Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Бұл бірнеше жылдан бері біздің жамбылдықтар үшін дәстүрге айналды. Өйткені өскелең жас ұрпақ біздің мемлекетіміздің азаматы, өзінің облысының, қаласының тарихын білу керек, — дейді профессор Махметқали Сарыбеков.