Тараздықтарды бірнеше күн бойы үрейде ұстаған адам ақыры қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздықтарды бірнеше күн бойы үрейде ұстаған адам ақыры қолға түсті

Тараздықтарды бірнеше күн бойы үрейде ұстаған адам ақыры қолға түсті

Әлеуметтік желіде 6-шы сынып оқушысын зорлады деген ер адамға іздеу салынғаны жөнінде ақпарат тараған еді

  • 23 Қазан 2019
  • 69
Фото - Caravan.kz

Тәртіп сақшылары Тараз тұрғындарын төрт күн бойы үрейде ұстаған күдіктіні Алматыда қолға түсірді.

36 жастағы жігіт 11 жастағы қызға жәбір көрсетіп, үйіндегі теледидарын ұрлап әкеткен. Ол арам ойын жеткіншектің үйінде жүзеге асырған болуы мүмкін. Бірақ ер адамның жәбірленушіге қандай қатысы бары айтылмады. Аталмыш жағдай жайында полицейлерге анасы хабар берген, деп хабарлады КТК.

Тәртіп сақшылары тергеу құпиялығына байланысты толық ақпарат бермеді. Белгілісі, ол бұған дейін де кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін істі болыпты. Күдікті қазір қамауда отыр.

"Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде төрт күн өткеннен кейін күдікті Алматыда екені анықталып, қолға түсті", — дейді Жамбыл облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қуанышбек Бекқожаев.


Медицина қызметкерлерінің айтуынша, баланың денсаулығы тұрақты, қазір ол үйінде.

 

Соңғы жаңалықтар