Тәртіп сақшылары бұзақыны анасы мен жарының көзінше атып өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәртіп сақшылары бұзақыны анасы мен жарының көзінше атып өлтірді

Тәртіп сақшылары бұзақыны анасы мен жарының көзінше атып өлтірді

Алматыда тәртіп сақшылары бұзақыны анасы мен жарының көзінше атып өлтірді. Үй ішінде жанжал шығарған жігіт шақыртумен келген полицейлерге пышақ ала жүгіріпті.

  • 28 Қыркүйек 2013
  • 369
Фото - Caravan.kz

Мерт болған жігіттің анасы көз алдында өрбіген оқиғадан соң есеңгіреп қалса, ал жарына медициналық көмек көрсетілді. Анықталғандай 46 жастағы жігіт үй ішіндегі ұрыстан соң анасын пәтерден қуып шықпақ болған көрінеді. Сондықтан оны тыныштандыру үшін жақындары полицейлерді шақырыпты. Бірақ пышақ ала жүгірген азамат тәртіп сақшыларының сөзіне құлақ аспаған. Ақыры қару қолдануға тура келді. Бұзақы оқиға орнында тіл тартпай кеткен.


Серік Кененбаев, Алматы қалалық ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

Үй иесі полиция қызметкеріне пышақ ала жүгірген. Сондықтан полиция қызметкерінің өміріне қауіп төнгендіктен табельдік қару қолданылып, үй иесі оқиға болған жерде қаза тапты. Оққағарға пышақ тиген, оққағар болғандықтан жараланбады.