Тәртіп сақшылары мен арнайы қызмет өкілдері әскери бөлім командирлерінен ақша талап етеді – полковник - kaz.caravan.kz
  • $ 443.37
  • 474.49
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәртіп сақшылары мен арнайы қызмет өкілдері әскери бөлім командирлерінен ақша талап етеді – полковник

Тәртіп сақшылары мен арнайы қызмет өкілдері әскери бөлім командирлерінен ақша талап етеді – полковник

«Караван» газетінің бас редакторы Игорь Шахновичке құқық қорғау органдары мен ҰҚК-нің жедел уәкілдерінің (особистер) «әскери бөлімдердің командирлерінен жүйелі түрде ақша бопсалағаны» туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. 

  • 5 Наурыз 2022
  • 852
Фото - Caravan.kz

Үндеуде айтылғандай бопсалаудың ауқымы үлкен деңгейге жеткен және «ел қауіпсіздігіне іштен нұқсан келтіру» қаупін тудыруы мүмкін. Біздің армияның қолбасшылық құрамы әлсіреген және енді бұл мәселені өз бетімен жеңе алмайды делінген…

Басқа саладан келген жаңа Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов бұл дабылға мән береді деп сенеміз. Тиісті тексеруді ұйымдастырып, армия командирлерін арнайы қызмет офицерлерінің шабуылдарынан қорғайды деп үміттенеміз. Ол әскеріміздің жауынгерлік әзірлігіне жауапты қорғаныс басқармасының бастығы ретінде әскери офицерлерге қатысты барлық ақшалай бопсалаулар мен арандатушылықтарды (болған жағдайда) табанды түрде тоқтататынына сенеміз.

Болған жайтты еш жасырмай баяндау

«…Бір апта бойы мені экс-Қорғаныс министрі, генерал М.Қ.Бектанов пен М.Р.Хұсайыновқа қатысты арандатушылық әрекетке қатысуға көндіруге тырысты. Уақытында ұйықтатпай, тіпті қарапайым дәретханаға да баруға рұқсат бермеді. Сөзден жаңылыстыруға тырысты, әйеліңді жауапқа тартамыздеп қорқытуға талпынды. Мен — офицермін! Біреуге,бала, біреуге әкемін! Отбасым — мен үшін ең қасиетті нәрсе. Мен өз-өзіме қол жұмсауға немесе түрмеге түсуге дайын болдым,  отбасымды погон таққан құбыжықтардан, осы лас ойындарға араластырмас үшін. Мен әскери қарсы барлау басқармасының қызметкерлерінің айтқанына көніп, М.Р.Хусаиновқа ақша әкеліп, бір жерге салып кетуге келіспедім. Оған М.Қ.Бектанов пен М.Р.Хусайыновтың қандай қатысы бар деп ойлайсыз ба? Құқық қорғау органдарына Қарулы Күштердің генералдарын сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен ұстау қажет болды. Мен келіскенде, бұл орын алар еді. Бірақ Бектановтың да, Хусайыновтың да бұған еш қатысы жоқ және олар ешқашан ақша сұраған емес».

Бұл мәтін «Караван» газетінің бас редакторына полковник Асхат Абдуаитовтың атынан жолдаған үндеу. Осы аптада онымен кездесіп, сұхбат алынды. Қысқаша мазмұны төменедегідей.

Асхат, бөлімше командирі бола тұра қол астындағылардан ақша жинағаныңыз үшін сотталып, қатардағы жауынгер шеніне дейін төмендедіңіз…

— Иә, солай болды. Бірақ, мен бірінші кезекте әскери адаммын. Әскери училищеде де, Ұлттық қорғаныс университетінде де маған оперативтік жұмыстың қыр-сырын үйреткен жоқ. Әскери қарсы барлау (ӘҚБ) басқармасының бастығы сізге ақша беру немесе қандай да бір қызмет көрсету туралы талаппен қайта-қайта келгенде, ҰҚК (!) өкілі осылай істеп жатса, онда мен кімге хабарласуым керек екенін білесіз бе? Сонда мен кімге арызымды айтсам да, бәрібір нәтиже болмайтын еді, тек мен және маған сеніп тапсырылған бригаданың офицерлері ғана зардап шегеді.

— Бізге жалпылама емес, нақтылық керек. Сіз әлі қатарда жүргенде әскерде не болғанын ашық айта аласыз ба?

— Иә, айта аламын. Менде жасыратын ештеңе жоқ. Мен, Абдуаитов Асхат Ғаббасұлы, 1976 жылы қарапайым отбасында дүниеге келдім. 1994 жылы  Кеңес Одағының Маршалы И.С. Конев атындағы оқу орнына түстім. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын алтын медальмен бітірдім. Әртүрлі қызметтерде – взвод командирінен бригада командирінің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасарына дейін қызмет еттім. 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Жауынгерлік даярлығы бас басқармасында (ҚК) – аға офицер, сондай-ақ, Құрлық әскерлерінің Әскери институтында оқытушы болдым. 2014 жылы Ұлттық қорғаныс университетін үздік бітіріп, барлау полкінің командирі болып тағайындалдым. 2017 жылы механикаландырылған бригада командирі қызметін атқардым.


Мен және менің отбасым үшін осы қорқынышты оқиға басталғанға дейін мен талай әскери бөлімді басқарып үлгердім. Ол кездегі тәжірибем де аз емес еді.

Мен қызмет еткен барлық гарнизондарда әскери қарсы барлау өкілдері (ОВКР) ақша жинады.

Адамдар әртүрлі, бірақ, принциптері бұрынғысынша бірдей. Бөлімше командирлері әскери құқық қорғау органдары басшыларының айтқанын орындауға мәжбүр. Әрбір гарнизонда гарнизонның әскери прокурорын да, әскери тергеу басқармасының бөлім бастығын да, барлық командирлерді де бақылауда ұстайды. Олар қалай және қалай әрекет ету керектігін көрсетеді. Сондықтан, ОВКР-дің (әскери қарсы барлау) белгілі бір өкілінен  ақша беру туралы жүйелі өтініштер басталғанда, бұған мүлде таң қалмадым. Кімге хабарласуым керек? Әскери прокурорға ма? Бірден телефон соғып, сол бастыққа мен оның үстінен шағымданғанымды айтады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күремс агенттігіне ме? Бірақ мен олармен хабарластым.

Олар оны әскери прокуратураға берді, ал олар ҰҚК әскери қарсы барлауына (ВКР) тапсырады, сондықтан бәрі мен арызданған адамға қайтып келеді. 

Бірақ сіз офицерлерден ақша жинадыңыз.

— Иә, жинадым. Өз заңгеріме екінші сыйақыдан жинау туралы бұйрық бердім. Мен тергеуде жиналған сомадан кімге, қанша аударғаным туралы  шындықты айттым. Бірақ, мені ұстауға келген адамдарды жоғарыда аталған адамдардың ешқайсы қызықтырған жоқ.

Егер сіз сол офицердің талабын орындамасаңыз қайтер еді?

— Оның тарапынан арандатушылықтар болар еді. Мен сізге мысал келтіремін. Менің қарамағымдағылардың бірі бөлімшенің штаб бастығы бола тұра, осы бөлімшенің ОВКР кураторына келісімшарт бойынша қызмет ететін бір сарбазды міндетінен босатудан бас тартты. Бір сөзбен айтқанда, ол сарбаз қызметте күнде ккелмей сол куратордың мәселесін шешіп, сонымен бірге толық ақшалай жалақы алатындай болу керек еді. Бас тарту нәтижесінде, осы ОВКР кураторы бөлімшенің құпиялылық режимін тексеруді ұйымдастырды. Құпия құжаттардағы орфографиялық қателерді (дегенмен емленің құпиялылық режиміне қандай қатысы бар?) анықтап, бөлімшенің аппарат басшысына әкімшілік хаттама толтырды.

Айыппұл онша үлкен емес еді, 45 мың теңге сияқты, бірақ мәселе бұл емес. Соның кесірінен жақсы, адал офицер қара тізімге ілініп, енді еш жерде өсе алмай қалды. Еңбегі үшін марапаттамайды, мүлде байқамайды.

Ал, егер бөлімшеде сарбаздың көзінің көгергені анықталса, онда бригада командирі әскери полиция бастығына жүгіріп барып, мәселені шешуге тырысады.  

Ол келіседі, өйткені ол түсінеді.  Бұл  ұсақ-түйек емес, бұл үшін оған ешкім алғыс айтпайды. Содан кейін, ол командирге белгілі бір соманы тағайындайды. Командир келіседі, ол ақыры жүйеге айналады. Кейде  бір көгерген көз үшін бәрі төлеу керек болып шығады, өйткені олар бәрін 2-3 күнде біліп алады  және оны шешу ақысы еселене түседі. 

(Жалғасы бар)

 

Соңғы жаңалықтар