Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы кеңесінің отырысында ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне дайындық мәселелері талқыланады
АСТАНА. 26-наурыз. Kazakhstan Today. 26-28 наурызда Ташкентте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы кеңесінің отырысы барысында Бішкек қаласында өтетін ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне дайындық мәселелері талқыланады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.