Ташкентте ШЫҰ мүше-елдері Жоғарғы сот төрағалары бас қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ташкентте ШЫҰ мүше-елдері Жоғарғы сот төрағалары бас қосты

Ташкентте ШЫҰ мүше-елдері Жоғарғы сот төрағалары бас қосты

Бүгін Ташкентте ШЫҰ Жоғарғы Сот төрағаларының кеңесі басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

  • 25 Қазан 2017
  • 187
Фото - Caravan.kz

Іс-шараға қазақстандық тараптан ҚР Жоғарғы сотының төрағағы Қайрат Мәми қатысты. Кеңес барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сот-құқықтық саласындағы ынтымақтастығы дамуының ахуалы мен болашағы талқыланды.

Атап айтқанда, кеңесте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі инвестициялық таластардағы заңнаманы және инвестицияларды қорғаудың институционалдық тетіктерін жетілдіру бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сот-құқықтық жүйесін одан әрі реформалау шаралары, сондай-ақ азаматтық қылмыстық істер және жас ұрпақтың әртүрлі лаңкестік және радикалды құрылымдардың қызметіне тартуға қарсы тәжірибе бойынша құқықтық көмек көрсету саласындағы ШЫҰ-ға мүше елдердің өзара қарым-қатынасының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Кездесу соңында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің жоғарғы сот билігі органдары ынтымақтастығының болашағы туралы бірлескен мәлімдемеге қол қою жоспарланып отыр. ШЫҰ Жоғарғы Сот төрағаларының келесі кеңесі 2018 жылы Қытайда өтпек.    


 

Соңғы жаңалықтар