22 жастағы Ақмаралдың айтуынша, бүлдіршіндерін тастамаған. Шұғыл жұмысқа баруы керек болып, балаларын енесіне тапсырып кетіпті. Ал, енесі бөбектерді тауып алған әйел Фарида Сариева. Екеуі бұрыннан қырғиқабақ екен. Осылайша "кек қайтармақ болды",- дейді келіншек. Тіпті, бұған дейін Ақмаралды "тәнін саудалайды" деген ақпарат та тараған болатын. Енді анасы балаларын қайтарып алып, өзін елге қарабет қылған енесін сотқа бермек.
Ақмарал Жарылқасынова:
— Мен жұмысқа бара жатырмын деп айтқан едім. Қараймын деген өзі. Балаларды қолына тапсырып кеттім мен. Одан кейін 5 күн жұмыста болып, кеше көрген едім. Мұндай сұмдықтың боларын білмеген едім.