Жарияланды: 430

Тәуелсіздік біздің рухымызды шарықтатып, болашаққа деген сенімімізді арттырды - Беларусьтегі ҚР елшісі

Минскіде Беларусьтегі Қазақстан Республикасының елшілігі осы елдегі ҚР консулдығымен бірлесе отырып,

Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлауға арналған іс-шаралар аясында қазақстандық және беларусьтік эстрада әртістерінің қатысуымен салтанатты концерттік шараны өткізді. Мерекелік шараны ашу сәтінде Беларусь Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Смирнов Қазақстанның 20 жылдық тәуелсіздігі тарих өлшемімен алғанда жылдам өтіп кеткенімен, экономикалық, әлеуметтік және саяси өзгерістердің тереңдігі мен ауқымы жағынан ғасырға тең келді, деп атап өтті. «Өткен жылдар біздің еліміздің тарихында ерекше орынға ие. Бұл жылдар ізденістер мен жетістіктер жылдары болды. Олар біздің республика тарихы үшін қиын әрі маңызды жылдар болғаны сөзсіз. Біздің ата-бабаларымыз мұра етіп кеткен тарихи жолдар, тұрақтылықтың негізі халықтың бірлігінде екендігін айқындап берді», - деп атап өтті А.Смирнов. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат атап өткендей, қазақстандық және беларустық әріптестердің бірлескен концерті қазақстандық-беларустық ынтымақтастықтың жақсы символы болмақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть