-Қалайсың? — деді.
— Әзірге білмеймін,- деді.
— Айналадағының бәрі бір түрлі… Торлар, сымдар, шамдар, қайдағы жоқ бір педальдар…
— А, шамдар, педальдар… Бұл жерде шартты рефлексті зерттейді.
— Шартты рефлекс? О не тағы?
-Түсінбейтін түк те жоқ. Бәрі қарапайым. Қара! Қазір мен мына педальды басамын. Сол кезде ана шам жанады да, анау ақ халатты адам бізге бір кесек ет алып салады. Шартты рефлекс дегеніміз осы!…
* * *
Анатомия сабағында мұғалім студент қыздан:
— Адамның қандай дене мүшесі белгілі бір жағдайларда өз көлемін отыз есе үлкейте алады? — деп сұрады.
— Мен бұл сұраққа жауап бермеймін! — деді бұртиып студент қыз, сөйтті де қызарақтап аудиториядан шығып кетті.
Мұғалім бұл сұрақты екінші бір қызға қойып еді, ол : «Көз қарашығы»-деп сабырмен жауап берді.
— Өте жақсы! — деді мұғалім.
— Бара беріңіз, тек әлгі құрбыңызға айта барыңызшы; біріншіден, ол қыз үй тапсырмасына дайындалмаған, ал екіншіден, өз қиялынан арылғаны дұрыс, әйтпесе болашақта күткені болмай тауы шағылып жүрер.
* * *