Жарияланды: 430

Таяу Шығыста әлемге үмiт ұялатқан Ораза айы басталды

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні мұсылмандар үшін қасиетті Ораза айы басталды.

Таяуда ғана түнгі аспан аясында жаңа туған жарты айдың пайда болғаны туралы Сауд Арабиясының, Біріккен Араб Әмірліктерінің, Мысырдың, Катардың, Йеменнің және Иорданияның дін мамандары хабарландырды. Кейбір өзге мұсылман елдерінде рамазан бір күнге кешігіп басталады, деп хабарлайды Euronews. Мұсылман күнтiзбесі бойынша тоғызыншы ай - Қасиеттi Рамазан айы - бұл жылы ерекше мәнге ие болады: әскери қимылдар жүріп жатқан немесе жағдай тым шиеленіскен Таяу Шығыстың тұрғындары әлем қалпына келіп, тыныштық орнайды деген үмітте. Рамазан 30 күнге созылады. Күндіз Ораза ұстаған жандар кешке қарай аста-төк ас пісіреді, көбінесе көшелерге үстел жайылады, үйлер безендіріледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін