Таяудағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік облыстарында қар жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таяудағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік облыстарында қар жауады

Таяудағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік облыстарында қар жауады

Таяудағы тәуліктерде - 17 қыркүйекте

  • 16 Қыркүйек 2014
  • 394
Фото - Caravan.kz

    Қостанай облысында, 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында жауын-шашынды болып, кей жерлерде жаңбыр аралас қарға айналады, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Қазгидрометке сілтеме жасап, хабарлады.

Сейсенбі күні, 16 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз болуы күтіледі, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, жел күшейеді, елдің батысында, оңтүстігінде және шығысында ғана  күн ашық болады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақсан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі.  Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай облыстарында желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі, түнде кей жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде күн тұманды болады. Солтүстікте кей жерлерде 0-2 градусқа дейін қатқақ болады. .

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысының кей жерлерінде, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында, және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.



Таяудағы  тәуліктерде оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыс аймақтардағы тау өзендерінде гидрологиялық режимде елеулі өзгерістер болмайды.