Тәжікстан Республикасының мемлекеттік статистика жөніндегі комитетінің ақпаратына сәйкес, республика осы жылдың қаңтар-ақпан айларында жалпы құны 5 млн 877 мың АҚШ долларын құрайтын 2 мың 425 тонна ұн, 194 тонна өсімдік майы, дәрілік заттар мен медикаменттер, 196 мың доллардың киімдері мен аяқ киімдерін, сондай-ақ, азық-түлік өнімдері мен төсек жабдықтарын, көлік құралдары мен компьютерлер алды.
Тәжікстан Республикасының мемлекеттік статистика жөніндегі комитетінің ақпаратына сәйкес, 25 донор елдердің арасында гуманитарлық көмектің құны бойынша үлес салмақ мынадай : АҚШ — 64,7%, Біріккен Араб Әмірліктері- 1,9%, Үндістан — 1,5%, Дания — 1,2%, Латвия — 1,1%, Финляндия — 0,9%, Люксембург және Түркия — әрқайсысы 0,6 %-дан, Нидерланды мен Германия — әрқайсысы 0,5%. ТМД елдерінен Ресейдің үлесі — 15,7%, Қазақстан — 6,7%, Қырғызстан — 1,4%, Түрікменстан — 0,7% құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті