Тәжікстанда Эмомали Рахмонның портреті бейнеленген ақша шығарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда Эмомали Рахмонның портреті бейнеленген ақша шығарылады

Тәжікстанда Эмомали Рахмонның портреті бейнеленген ақша шығарылады

Тәжікстанның Ұлттық банкі Исфара қаласы тұрғындарының 1000 сомони ақшасына президент Эмомали Рахмонның портретін бейнелеу жөніндегі ұсынысын қабылдады. Бұл мәселемен арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр дейді ұлттық банк төрағасы Джамшед Нурмухаммадзода.

  • 15 Желтоқсан 2016
  • 746
Фото - Caravan.kz

Бұл идеяны бастаған орта мектептің оқытушысы Хасанбой Асадов екен. Оның сөздерінше, бір жыл бұрын президенттің бейнесі бар жаңа купюраның эскизін дайындап Ұлттық банк пен президент әкімшілігіне жіберген.

Осыдан кейін Асадов Ұлттық банк пен президент әкімшілігінен ұсынысы үшін алғыс хат алған.

Эмомали Рахмон биыл қазан айында бекітілген елдің жаңа конституциясына сәйкес, Тәжікстанның тәуелсіздігін қалаушы ұлт лидері болып жарияланды. Елде Ұлт лидерінің арнайы қоры құрылады.