Тәжікстан Республикасының әділет министрінің орынбасары Рүстем Менглиев, агенттік тілшісіне берген сұхбатында аталмыш мәселені түсіндіре келе, мұның ең алдымен тәжік фамилияларындағы -ов, -ев орыс жалғауларының -и, -зода, -пур және басқаларға ауысатындығына қатысты екендігін атап өтті.
«Баланың туу туралы куәлігінде аты мен фамилиясын рәсімдеу тәртібі республиканың Отбасы кодексімен реттеледі»,- деп атап өтті. «Аталмыш кезеңде заңнама нормалар әкесінің атын жазбай, баланың аты мен фамилиясын жазу барысында тәжік ұлттық жоралғыны пайдалану мүмкіндігін ғана қарастырады»,- деп түсіндірді Р. Менглиев.
Тәжікстан Республикасының Әділет министрлігінің АХАЖ басқармасының бастығы Раджабмох Косымованың пікірінше, бұл мәселе жақын арада заңдық деңгейде шешілетін болады. «Бұдан дүрбелең жасаудың қажеті жоқ, бүгінгі күнде «фамилияны өзгерту» процессі жаппай науқандық сипатқа көшуге жақын»,- деп атап өтті ол. «Көптеген ата-аналар өз балаларының туу туралы куәліктерін ала отырып, оның фамилиясын ұлттық мәнерде жазады»,- деп нақтылап өтті Р. Косымова.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Тәжікстан мемлекет басшысы өз аты-жөнін жазу түрін өзгертетінін ресми түрде жариялаған болатын. Оның аты-жөні енді Эмомали Рахмон болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті