жалпы азаматтық ішкі төлқұжат беру тоқтатылып, оның орнына пластикалық куәландыру карталары беріле бастайды. Бұл туралы президенттің ресми сайтында жарияланған ел президенті Эмомали Рахмонның жарлығында айтылған.
«Тәжікстан Республикасы азаматтарына куәландыру карталарын енгізу туралы» жарлық былтырғы 20 қыркүйекте бекітілген, алайда осы уақытқа дейін жария етілмеді.
«2014 жылдың 1 наурызынан бастап Тәжікстан Республикасы азаматтарына куәландыру карталары енгізілсін. Тәжікстан Республикасы азаматының төлқұжаты мерзімі аяқталғанға дейін ел аумағында жарамды», — делінген жарлықта.
Осылайша, бұған дейін берілген төлқұжаттар пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін жарамды болып есептеледі.