«Азия-Плюс» ақпараттық агенттігінің мәліметтері бойынша, салық түсімі қаңтар айында 244,9 млн сомды құрап ($71 млн), өткен жылмен салыстырғанда 82,2 млн сомға артық шықты ($24 млн).
Бюджеттің жалпы табыс салығының көлемі қаңтар айында 93,9 % жетті.
2008 жылдың қаңтар айында табыс салығы мен кіріс салығының мөлшері өткен 2007 жылмен салыстырғанда 13 млн сомға ($3,76 млн) ұлғайды. Ал қосымша құн салығы 50 млн сомға ($14,5 млн), акциздер- 3,9 млн сомға ($1,13 млн)өсті.
Жалпы табыс мөлшеріндегі салық емес түсімдер 3,3% құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен сәйкестендіргенде 4,9 млн сомға қысқарды ($1,4 млн).
Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша, 2008 жылдың қаңтар айында мемлекеттік бюджет қоржыны 154,6 млн сомға орындалды ($44,8 млн) немесе ЖІӨ 20,1% құрады.
«Қаржы министрлігінде хабарлағанындай, мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі 2008 жылдың қаңтар айында 106 млн сомды құрады ( $31 млн) немесе жылдың бірінші тоқсанында белгіленген жоспардың 15,4% жетті», — деп хабарлайды «Азия-плюс».
Қаржы министрлігінің ақпараты бойынша, мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі 2008 жылдың ақпан айында 520,1 млн сомды құрады ($150 млн). Бұл жалпы ішкі өнімнің 33% тең.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті