оларды іздеуге ІІМ арнайы жасағы шықты, деп хабарлады Би-би-си.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бірнеше сағатқа созылған нөсер жауынның соңы қаланың бірнеше аудандарын су басуына алып келді. Жүздеген үйлердің ауласы, бірінші қабаты, жер төлелері су астында қалды.
Су басқан хайуанаттар бағынан алты арыстан, алты жолбарыс, жеті аю, 13 қасқыр қашып кеткен.
Тбилиси әкімі Давид Нармания тұрғындарды көшеге шықпауды, егер жыртқыштарды көздері шалса, дереу хабарлауға шақырды.
Соңғы деректерге сүйенсек, Тбилисиде 8-ге жуық адам су тасқынының құрбаны болды.
Апаттың салдарын жою үшін Грузия астанасында төтенше штаб құрылды.