Тегін затқа таласқан жаңаөзендіктер жұрттың ашуына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.57
  • 612.78
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тегін затқа таласқан жаңаөзендіктер жұрттың ашуына тиді

Тегін затқа таласқан жаңаөзендіктер жұрттың ашуына тиді

Тегін затқа таласқан жаңаөзендіктер жұрттың ашуына тиді.
 

  • 12 Ақпан 2024
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы желіде видео тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы “Адырна”-ға сілтеме жасап.

Оқиға 11 ақпанда болған. Бейнежазбада тұрғындар бір-бірін итеріп, қысылып, тіпті құлап жатқанын көруге болады.

"Жаңаөзенде не тегін зат үшін "төбелесіп" жатыр? Тегін тамаққа таласып жатыр деген рас па?", — делінген жазбада.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, гүл сататын дүкен иесін көлік қозғалысына кедергі келтіргендігі үшін жауапқа тартылған.

Ал Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мәліметінше, кәсіпкерлер бұл шараны жергілікті атқарушы органдармен мақұлдамаған.