Техникалық колледж түлектерінің білімін тәуелсіз орталықтардың мамандары бағалайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Техникалық колледж түлектерінің білімін тәуелсіз орталықтардың мамандары бағалайтын болады

Техникалық колледж түлектерінің білімін тәуелсіз орталықтардың мамандары бағалайтын болады

Алдағы уақытта колледж түлектерінің білімін бағалау жүйесі тәуелсіз салалық орталықтарға беріледі.

  • 12 Қыркүйек 2014
  • 688
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Кәсіптік-техникалық және орташадан кейінгі білімді жетілдіру департаментінің директоры Сабыржан Мәдеев хабарлады.

«Қазір біздің алдымызда кен-металлургия, құрылыс, мұнай-химия сынды тағы да басқа спецификалық колледждерді бітірген түлектердің білімін бағалау қызметін тиісті салаларға беру міндеті тұр», — деді ол жұмадағы брифингте.

Департамент директорының айтуынша, колледж түлектерінің білімін салалық мамандар бағалайды.


«Жақын арада салалық қауымдастықтар жанында тәуелсіз бағалау орталықтары ашылады», — деді С.Мәдеев.

Ал, педагогикалық және гуманитарлық сала бойынша маман даярлайтын колледждер түлектерінің білімін бұрынғыша Республикалық ғылыми-әдістеме орталығы бағаламақ.