«Технологияларды коммерцияландыру» жобасы жүзеге асырылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Технологияларды коммерцияландыру» жобасы жүзеге асырылмақ

«Технологияларды коммерцияландыру» жобасы жүзеге асырылмақ

Алматыға ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Технологияларды коммерцияландыру» жобасын іске асыру мақсатында Халықаралық ғылыми және коммерцияландыру жөніндегі кеңес мүшелерінен және Дүниежүзілік банктің өкілдерінен тұратын делегация келді.

  • 15 Маусым 2011
  • 471
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР БҒМ «Технологияларды коммерцияландыру» жобасын басқару тобы хабарлады.

Алдағы күндер ішінде АҚШ-тың, Германияның, Сауд Арабиясының және Ресейдің белгілі ғалымдары қазақстандық ғалымдармен ұсынылған коммерциялық маңызы бар ғылыми жобаларды қарастырады және іріктеу нәтижесін хабарлайды.

Бұл іс-шаралар гранттар ұсынатын конкурстың екінші сатысы болып табылады. Ал конкурс өткен жылдың күзінде бастау алған болатын және конкурстың бірінші турына 350-ден астам жобалар ұсынылған. Ұсынылған ғылыми жобалардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығы (86 жоба), медицина, фармацевтика, биотехнология (барлығы 83 жоба), нанотехнология (83 жоба) және т.б. ғылыми бағыттар бойынша.

Ағымдағы жылдың 17 маусымында осы шараның қорытындысы бойынша гранттық қаржыландыруды жеңіп алған кіші ғылыми қызметкерлер тобына арналған 5 жоба және аға ғылыми қызметкерлер тобына арналған 5 жоба анықталатын болады. Бұл ғылыми жобалар алғаш рет қазақстандық ғылыми сарапшылардың қатысуынсыз халықаралық сарапшылармен іріктелуде.

Соңғы жаңалықтар