Темір жол инфрақұрылымын модернизациялауға 2012 жылға дейін 900 млрд теңге бөлінеді - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Темір жол инфрақұрылымын модернизациялауға 2012 жылға дейін 900 млрд теңге бөлінеді - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Темір жол инфрақұрылымын модернизациялауға 2012 жылға дейін 900 млрд теңге бөлінеді - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Атырау. 28 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Темір жол инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамды модернизациялауға 2012 жылға дейін 900 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Атырауда өткен жиналыста ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 28 Наурыз 2008
  • 428
Фото - Caravan.kz

«Министрлік мемлекеттік органдармен, «Самұрық» холдингімен және «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесе отырып салаға қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік беретін 2012 жылға дейінгі темір жол саласын дамыту және оны реформалау бойынша кешенді шаралар әзірледі. Оны үкімет мақұлдады», — деп хабарлады министр.

«Жалпы алғанда 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясына сәйкес темір жол саласында 12 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның тоғызы концессиялық негізде болады. 433 млрд теңгеге 1715 шақырым жаңа теміржол төселеді және 130 млрд теңгеге 2185 шақырым теміржол электрлендіріледі», — деп толықтырды С. Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті