Теміртауда мина қойылды деген хабардан кейін төрт банк филиалы жұмысын тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда мина қойылды деген хабардан кейін төрт банк филиалы жұмысын тоқтатты

Теміртауда мина қойылды деген хабардан кейін төрт банк филиалы жұмысын тоқтатты

Полиция қызметкерлері «Қазкоммерцбанк» АҚ филиалына хабарласып, мина қойылғаны туралы хабарлаған адамды іздестіріп жатыр. Ос

  • 27 Желтоқсан 2017
  • 184
Фото - Caravan.kz

Полиция қызметкерлері «Қазкоммерцбанк» АҚ филиалына хабарласып, мина қойылғаны туралы хабарлаған адамды іздестіріп жатыр. Осы қоңыраудан кейін тәртіп сақшылары 328 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kapital.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейтаныс адам оперативтік басқарма орталығының кезекшілік бөліміне 26 желтоқсан күні сағат 14:00 шамасында хабарласқан. Аноним минаның қай банкке қойылғанын нақты айтпағандықтан, Теміртауда төрт бірдей филиалдың қызметкерлері қауіпсіз жерге шығарылды.

Алтыншы шағын ауданнан 45 адам, Республика даңғылынан 140 адам, Металлургтер даңғылынан 83 адам және Мира көшесінде орналасқан «Қазкоммерцбанк» АҚ филиалынан 60 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Кинологтар мен саперлер төрт бірдей банк филиалын тексерді. Күдікті заттар табылмады.

«Аталған іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес «Терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратты» деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Хабарласқан адамның телефон нөмірі анықталды. Енді оның кім екенін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлайды Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметіндегілер.


Соңғы жаңалықтар