Теміртауда жоғалып кеткен кәсіпкер іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда жоғалып кеткен кәсіпкер іздестірілуде

Теміртауда жоғалып кеткен кәсіпкер іздестірілуде

3 күн бұрын Қарағанды облысы Теміртау қаласында 34 жастағы кәсіпкер Владимир Дашкевич із-түссіз жоғалған.

  • 7 Шiлде 2016
  • 236
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарланғандай, полиция оны іздеу жұмыстарын бастап кетті.

“Теміртау тұрғынының із-түссіз жоғалуы фактісі бойынша барлық материал бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелген. Полиция басшылығы жедел-іздестіру тобын құрды. Іздеу шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияров.

Жоғалған ер адамның туыстары В.Дашкевич 4 шілде күні белгісіз бағытқа үйден шығып кеткенін айтты. Телефоны жауап бермейді. Оның жақында ғана жиһаз цехын ашқаны белгілі болды.


“Белгілері: бойы 193 см, шашы қара, көзі қоңыр, спорттық дене бітім, салмағы 85 кг, сол қолының иығында тыртық бар”, – деп жазылған әлеуметтік желідегі хабарландыруда. Және үстінде көк жазуы бар ақ жейде, көк джинсы, қара туфли, сол қолында алтын жалатылған сағаты болған. Өзімен бірге қара портфелін алып кеткен.

Соңғы жаңалықтар