Жарияланды: 380

Теміртаудағы "Испат-Кармет" кәсіпорнында монтаждау жұмыстары барысында төрт жұмысшы зардап шекті

Теміртаудағы "Испат-Кармет" кәсіпорнында монтаждау жұмыстары барысында төрт жұмысшы зардап шекті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, төтенше жағдай 19-ақпанда таңертең болған. Бір домна пешінің ауа қыздырғышының от жағатын камерасын қайта құрастыру кезінде 25 метрлік биіктіктен үстінде 4 жұмысшысы бар аспалы науа құлап кеткен. Зардап шеккендер түрлі жарақаттармен қалалық №3 ауруханаға жеткізілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін