Теміртаулық азамат: Қазақ тілін білмеймін, білуге міндетті емеспін (Видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртаулық азамат: Қазақ тілін білмеймін, білуге міндетті емеспін (Видео)

Теміртаулық азамат: Қазақ тілін білмеймін, білуге міндетті емеспін (Видео)

Доктор Фауст есімді украиналық Youtube блогерге сұхбат берген Теміртаулық Вячеслав Злотницкий қазақ тілін білмейтінін, білуге міндетті емес екенін айтты.

  • 11 Ақпан 2020
  • 3766
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Қазақ тілін білмеймін, оны білудің маған қажеті жоқ. Өзім тұратын елдің мемлекеттік тілін білудің түк те қажеті жоқ. Қазақ тілінің Қазақстанға да қажеті жоқ", — деді Теміртаулық азамат.

Блогер Вячеславқа "Егер Қырымдағы жағдай секілді сіздің қалаңызды Ресей басып алса, сіз не дейсіз? Ресейге қосылғанын қалайсыз ба?", — деп сұрақ қойды.

Вячеслав "Әрине, барлығы қолдар еді", — деп жауап берді.

Кейін, белгілі болғандай видеодағы Вячеслав Злотницкий есімді азамат елден кешірім сұрады. 

"Доктор Фаустпен болған әңгімездің жазылып жатқанын білген жоқпын. Қазақ тілін төмен түсіру ойымда да болған жоқ. Қазақ тілі — Қазақстан елінде өте маңызды. Мен осында өмірге келдім, осында тұрамын мен өз елімнің патриотымын. Мен ол кісіге Қазақстанда ұлтараздықтың жоқ екенін айтқым келген. Мені түсінбеген барша халықтан кешірім сұраймын. Кешіріңіз, мен қазақша сөйлеймін", — деп қазақша кешірім сұрады Теміртаулық тұрғын Вячеслав Злотницкий.


 

Соңғы жаңалықтар