Теңге әзірге Ресейдегі рубльдің девальвацияға ұшырауы салдарынан қысымшылық көріп отырған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңге әзірге Ресейдегі рубльдің девальвацияға ұшырауы салдарынан қысымшылық көріп отырған жоқ

Теңге әзірге Ресейдегі рубльдің девальвацияға ұшырауы салдарынан қысымшылық көріп отырған жоқ

Қазақстанның ұлттық валютасы әзірге Ресейдегі рубльдің девальвацияға ұшырауы салдарынан қысымшылық көріп отырған жоқ.

  • 5 Желтоқсан 2014
  • 632
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Франция бизнес-форумында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев айтты.

"Егер Ұлттық банктен келген сандарға жүгінетін болсақ, теңгенің жағдайы әзірге тұрақты. Оның стреске ұшырау-ұшырамауы рубльдің қанша құлдырайтынына байланысты. Ең бастысы, мұнай бағасының қаншалықты төмендеуі болып отыр. Бұл фактор да өте маңызды" — деді Е.Сағадиев.

Сондай-ақ оның атап өтуінше, бүгінде Ресейдегі девальвацияның салдарынан құлдырап кеткен рубльдің теңгенің тұрақтылығына кері әсері байқалған емес.

"Егер де ресейлік арзан тауарлар жаппай Қазақстанға қарай ағылатын болса, онда теңгеге қатысты қысым болатыны түсінікті. Дегенмен Ресей бүгінде өзін-өзі толықтай қамтамасыз ете алмай отыр. Сондықтан біз рубльдің құлдырауы Ресей тарапынан импорттың ағылуына алып келетіндей ешқандай себеп көріп отырған жоқпыз", — деді Е. Сағадиев.


Оның айтуынша, ең бастысы — жағдайды жақсылап қадағалап отыру қажет. Үкіметтің келесі қимылы жағдайдың одан әрі қалай дамуына байланысты болмақ.