Жарияланды: 120

Теңгенің арзандауы шикізатқа байланған экономика үшін өте қисынды - Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда?

Теңгенің арзандауы шикізатқа байланған экономика үшін өте қисынды - Ресейлік БАҚ Қазақстан туралы не жазуда? Сурет - Sputnik Казахстан

Қытайдағы коронавируске байланысты Ресей- Қазақстан шекарасында не болып жатыр , Қазақстан үкіметі теңгеге қатысты жағдайды тұрақтандыру үшін не істеуге талпынуда, елдің Ұлттық банкы қандай шара қолданды?

Caravan.kz медиа порталы әдеттегідей ресей басылымдарының өткен аптада Қазақстан туралы не жазғанына шолу жасап көрді.

Фитосанитариялық бақылауды күшейту керекrussian.rt.com

Ресей президенті Владимир Путин Ресей-Қазақстан шекарасындағы өнімдер айналымына карантиндік фитосанитарлық бақылауды күшейтуді тапсырды.

«Ресей Федерациясының Үкіметі Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде реттелетін өнімдердің айналымына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдауы керек», - делінген Кремль сайтында жарияланған нұсқаулар тізімінде..

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Ресейде коронавирусқа қатысты жағдай сын көтермейді деп айтқан болатын.

Қазақстандық теңге арзандады eadaily.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теңгенің долларға шаққандағы құлдырауы жағдайында мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толығымен орындайтынына уәде берді.

Тоқаев Нұр-Сұлтанда әлемдегі қаржылық-экономикалық жағдай және оның Қазақстан экономикасына әсері туралы жедел кеңес өткізді.

Президент бюджеттік шығыстарды азайту, өңірлерді жұмыспен  қамтамасыз ету, елдің ақша-қаржы нарығын тұрақтандыру, республикалық және жергілікті бюджеттерді оңтайландыру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

EADaily хабарлағандай, мұнай бағасының күрт төмендеуі аясында қазақстандық теңге арзандады, бұл көмірсутегі шикізатының экспортына толықтай байланған экономика үшін өте қисынды. Ұзақ уақыт бойы елдегі доллардың бағасы 375–378 теңге болған, қазір ол айырбастау орындарында 400-ге сатылуда.

Қазақстанның Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені көтереді - РИА Новости.

Әлемдік нарықта мұнай бағасының құлдырау салдарынан қаржы жүйесінің тұрақтылығына сақтау мақсатында Қазақстанның Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9,25% -дан 12% -ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады департамент басшысы Ерболат Досаев.


Дүйсенбіде Үкімет пен Ұлттық Банк бірлескен үндеуінде әлемдік нарықтағы жағдайдың жағымсыз салдарын азайтуға және республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажетті ресурстар бар деп мәлімдеді. Ұлттық Банк, қажет болған жағдайда, валюталық нарықты тұрақтандыру үшін базалық мөлшерлемені көтеруге және валюталық интервенцияларды жүргізуге дайын екендігін мәлімдеді, деп жазды РИА новости

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін