Жарияланды: 470

Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы 146,03/$1 болды

Қазақстан қор биржасында (KASE) жұма күнгі өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы 146,03/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы 15 тиынға түсті. KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 145,98 – 146,13 аралығында тұрақтады. Сауда-саттық көлемі $ 144,65 млн болып, 207 мәміле жасалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін