Терезеден секіріп, өрттен аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Терезеден секіріп, өрттен аман қалды

Терезеден секіріп, өрттен аман қалды

Атырауда 23 наурыз күні таңертеңгі сағат 9 жарым шамасында Әбілқайыр хан  даңғылының жанындағы құрылыс алаңында тұрмыстық бөлме ретінде жасалған металл контейнер өртенді.

  • 25 Наурыз 2017
  • 718
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Атырау облыстық ТЖД кезекші бөліміне сілтеме жасап Azh.kz хабарлады.

"Алаңы 12 шаршы метр болатын контейнер түгелдей өртеніп кетті. Бір зардап шегуші бар, бірақ ол күйік емес, кескен жарақаттар алған. Ол ауруханаға жатудан бас тартты" делінген ТЖД хабарламасында.

Оқиға куәгерлерінің «АЖ»-ға жолдаған бейнежазбасына сүйенсек, өрт газ баллонында саңылау пайда болуы салдарынан туындаған. Зардап шегуші өрттен қорғанып, тұрмыстық бөлменің терезесінен секірген кезде зақым алған. Бірнеше секундтан кейін жарылыс болған.


Соңғы жаңалықтар