Tik Tok әлемдегі ең танымал мобильді қосымша болып анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Tik Tok әлемдегі ең танымал мобильді қосымша болып анықталды

Tik Tok әлемдегі ең танымал мобильді қосымша болып анықталды

Әлемдегі ең танымал қосымша ретінде қысқа видеолар түсіруге арналған TikTok танылды.

  • 28 Ақпан 2020
  • 129
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпрарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

2020 қаңтарда TikTok бағдарламасы 104,7 миллион рет жүктеліпті. Былтырғы жылмен салыстырғанда 46 пайызға көп екен. Қосымшаны ең көп жүктегендер Үндістан мен Бразиялия азаматтары көрінеді. 

Екінші орынға Facebook әлеуметік желісінің қосымшасы жайғасыпты. Бір айдың ішінде оны 61,9  миллион рет жазып алған. Бұл көрсеткіш 2019 жылға қарағанда бір жарым пайызға артық. Осы жолы да Бразилия мен Үндістан тұрғындары қосымшаны ең жиі жүктейтіндер екендігі анықталыпты. 

Үшінші орын Instagram-ға беріліпті. Бұған қоса алғашқы бестікке қысқа видеоларға арналған Likee және фото мен видео алмасуға болатын Snapchat қосымшалары кіріпті. 


Соңғы жаңалықтар