Тік тұрып босануға мүмкіндік беретін төсекті ойлап тапқаны үшін 50 мың доллар алмақ
Қазақстандық "NIF$50K" инновациялық бизнес-жоспарлар конкурсының жеңімпазы астаналық перзентхананың акушер-дәрігері Марат Сүлеймановтің "Босануға арналған бірегейлендірілген төсек" деген жобасы болды. |
"Бұл әлеуметтік жоба. Еліміздің болашағын ойлауды перзентханалардан бастауымыз керек деп ойлаймын", деді Астанада дүйсенбіде баспасөз мәслихатында технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік басқармасы төрағасының орынбасары Әнуарбек Сұлтанғазин.
Конкурстың жеңімпазы 7,5 млн теңге алады.
"Мен ұсынып отырған акушерлік төсектер тиімді болады және олар елдің бюджетін үнемдейді, олардың өзіндік құны Еуропада шығарылатын үйлес төсектерден 30% арзан", деді жоба авторы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін