Тікелей эфирде оқу жылының қорытындысына арналған Алматы қалалық педагогикалық кеңестің отырыс өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тікелей эфирде оқу жылының қорытындысына арналған Алматы қалалық педагогикалық кеңестің отырыс өтті

Тікелей эфирде оқу жылының қорытындысына арналған Алматы қалалық педагогикалық кеңестің отырыс өтті

Бүгін Zoom және Facebook әлеуметтік желілерінде Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мен Алматы қаласы мектептерінің директорлары және мұғалімдерімен бірге оқу жылының қорытындысына арналған қалалық педагогикалық кеңестің отырысы өтті.

  • 4 Маусым 2021
  • 259
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Онлайн отырыста өткен оқу жылында мектептерде қандай жұмыстар жасалғаны, қандай жобалар өткені жайлы айтылып, алдағы жоспарлар пысықталды. 

Педагогикалық кеңестің отырысын Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева ашты. 

"Бүгін 2020-2021 жылдары оқу жылының аяқталуына орай қалалық педагогикалық кеңесімізді онлайн режимде өткізіп отырмыз. Адамзаттағы өзгерістер білім саласында да оңай болған жоқ. Соған қарамастан тағы бір оқу жылын лайықты аяқтадық. Барша Алматылық оқушыларды оқу жылының аяқталуымен және бүгін Мемлекеттік Рәміздер күнімен құттықтаймын! Бүгінгі педагогикалық кеңесте 2020-2021 оқу жылына сараптама жасап, толғандырып жүрген сұрақтарыңыз, айтар ұсыныстарыңыз, пікірлеріңіз болса бәріміз бірге арнайы бас қосып отырмын. Карантин басталғы бері бәріміз онлайн форматқа көштік, оған қарамастан жұмыстарымызды жақсы ақтарып келеміз. Педагогикалық кеңесті бір сағаттың ішінде аяқтау ұсынылады", — деді Білім басшысы.

Мектеп директорлары мен мұғалімдері өз қорытындылары туралы айтып, биыл қандай жұмыстар жүргізілгені жайлы сөз қозғады.

Онлайн педагогикалық кеңесте Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің басшысы Ермек Серікұлы 2019-2020 жылына 4 іс-шара өткізілгенін айтып өтті.

"Білім басқармасының ұсынысымен қосымша тағы 9 мектеп қосылады. Білім басқармасының ұсынысымен, тапсырмасымен өткен жолы бірнеше мектептерге әдістемелік қолдау көмек көрсеттік. Ол мектептерге қосымша мұғалімдермен аралас жұмыс ұйымдастырдық. Біздің жоспарымыз білім басқармасымен келісе отырып педагогикалық шебер орталығы мен тренерлермен ақылдаса отырып жыл сайын жыл жоспары бекітіліп отырады. 2019-2020 оқу жылына бізде 4 іс-шара іске асырылды", — деді мектеп басшысы.


№133 Жалпы білім беретін мектептің директоры Нұрлан Адамов  пандемия кезіндегі қиындықтар туралы айтып берді. 

"Мектеп басшысы ретінде кейбір мәселелерге тоқталып кеткім келеді. Коронавирус кезінде оқу форматы мүлдем басқа форматқа көшкенін баршаңыз жақсы білесіздер. Бүкіл әлемде онлай сабақ оқуға дайын болған жоқ. Пандемия кезінде әлемнің 191 елінде мектептер жабылып қалды. Кейбір елдерде ғаламтор болмады, ғаламторға кіру мүмкіндігі болмады. Қазақстанда онлайн форматқа көшкен кезде, 3 миллион оқушының 700 000-да (23%) компьютер болмады. Уақытша қолдануға 250 000 компьютер таратылып берліді. Алматы қаласы әкімдігінен, Алматы қаласы білім басқармасынан біздерге, оқушыларға барынша қолдау көрсетілді. Мұндай қиын жағдайда үкімет бізді  жалғыз қылдырып кеткен жоқ. Осыны біз біліп, ұмытпауымыз керек. Мен бұны мектеп директоры ретінде ғана емес, осы елдің азаматы ретінде де айтамын", — деді №133 Жалпы білім беретін мектептің директоры Нұрлан Адамов.

Кеңес соңында Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева барлық пікірлер ескеріліп, сұрақтар туындайтын болса ол сұрақтарға жауап беретінін атап өтті. Сонымен қатар, білім басшысы тікелей эфирде директорлардың, мұғалімдердің барлық сұрақтарына жауап берді.

 

Соңғы жаңалықтар